Accessibility links

Финляндия мен Беларусьтен екі қазақстандық елге әкелінді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан құқық органдары шетелден қазақстандық екі азаматты – іздеуде жүрген Давыд Боцинян мен ауыр қылмыс жасағаны үшін шетелде сотталған Айбек Қалбаевты бүгін елге жеткізген.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Финляндия әділет министрлігі биыл 14 тамызда аса ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен Қазақстан іздеу жариялаған Давыд Боцинянды Отанына беру туралы шешім қабылдаған. Боцинян 2009 жылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізген және сату есірткі заттарын заңсыз сақтаған деген күдікке ілінген.

Ал 24 жастағы Айбек Қалбаевты биыл 28 ақпанда Беларусь соты «қарақшылық шабуыл жасағаны үшін айыпты» деп танып, соттаған еді. Беларусь билігі сот тағайындаған жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін Қалбаевты Қазақстанға беру туралы шешім шығарған.

Давыд Боцинян мен Айбек Қалбаевтың Астана қаласының тергеу абақтысына қамалғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG