Accessibility links

Қызылшаға қарсы қосымша екпе 1 қазанда басталады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанда 1 қазанда қызылшаға қарсы екпе салына бастайды. Бұл туралы бүгін эпидемиолог дәрігерлер хабарлады.

Екпе республикадағы 15-19 жастағы жасөспірімдер мен жастардың көпшілігіне саынбақ. Науқан аясында осы жастағы 1 миллион 200 мың адамның кемінде 80%-ын қамту жоспарланып отыр. Қазақстандағы қызылша ауруына шалдыққандардың 50%-дан астамы осы жас аралығындағы жастарда кездескендіктен, бұл топ осал әрі қызылшаны жұқтыруға сезімтал топ ретінде анықталған.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы мониторинг бөлімінің бастығы Айнагүл Қуатбаеваның сөзінше, өткен бір жылда республика бойынша қызылшаға 321 адам шалдықса, биылғы жылдың 8 айындағы көрсеткіш екі мыңнан асқан. Ол осы себепті қызылшаға қарсы қосымша екпе салу шарасы қолға алынбақ дейді.

Өткен жылдың соңында жүргізілген қызылшаға қарсы екпеден соң Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Оңтүстіктік Қазақстан облыстарында 400-ге жуық жасөспірім өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлерге жүгінген. Олардың 260-тан астамы ауруханаға жатып шыққан. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Үндістанда шығарылған екпенің физика-химиялық және биологиялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға сай деп мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG