Accessibility links

TeliaSonera біртіндеп Еуразия нарығынан кетпек


TeliaSonera компаниясының логотипі (Көрнекі сурет)
TeliaSonera компаниясының логотипі (Көрнекі сурет)

Швеция телекоммуникациялық операторы - TeliaSonera холдингі Еуразия аймағындағы нарықтағы қызметін азайтып, соңында аймақтан біржола кететінін мәлімдеді.

Компанияның 17 қыркүйекте мәлімдеуінше, құрамына қазақстандық "Кселл" компаниясы кіретін TeliaSonera Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Тәжікстан және Непал нарығынан біртіндеп бас тартып, Еуропа нарығында қызмет етпек.

Компания аталған елдерден кетуіне аймақтың күрделі макроэкономикалық қиындықтарға тап болуы мен баға саясатындағы бәсекелестік себеп болған. Холдингтің бас директоры Йохан Денелиннің айтуынша, компания екі жыл Еуразия нарығындағы операцияларын жақсартудағы қажырлы жұмыс істеуі нәтижесінде жақсы менеджментке қол жеткізген. "Біз компаниялар бұдан ары өздері тбысты түрде дами алады деп ойлаймыз" дейді Йохан Денелин.

"Кселл" компаниясы Қазақстанда Activ, Kcell және Vegaline брендтерімен қызмет көрсетеді.

2013 жылы ақпанда TeliaSonera компаниясының атқарушы директоры Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі топпен істес болғаннан кейін коррупцияға қатысты қызметінен кеткен еді. Ал сол жылы қазан айында TeliaSonera-ның Өзбекстандағы коррупциялық іс-әрекеттеріне бола мекеменің жедел бизнес қызметін жүргізу істері бойынша президенті Теро Кивисаари де қызметінен алынған.

XS
SM
MD
LG