Accessibility links

Украина парламенті қарызды азайту келісімін мақұлдады


Украина парламенті депутаттары мемлекеттік қарызды қайта құрылымдау келісіміне дауыс беріп тұр. Киев, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Украина парламенті депутаттары мемлекеттік қарызды қайта құрылымдау келісіміне дауыс беріп тұр. Киев, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Украина парламенті халықаралық инвесторлармен мемлекет қарызының бір бөлігін кешіріп, үнемделген ақшаны экономикалық дамуға жұмсау туралы келісімді мақұлдады.

Парламент спикері Владимир Гройсман депутаттар келісімді бекітуге қажетті үш заң жобасын мақұлдаған соң келісімді "Украинаның жеңісі" деп атады.

Келісім парламентте мақұлданғанға дейін қызуу пікірталас болған. Бірақ заң жобаларын 300 депутат қолдап дауыс берді. Заң жобалары мақұлдануы үшін оны кемінде 226 депутат қолдауы тиіс болған.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк парламенттің келісімді мақұлдауы "экономикалық өсімге, шетел инвестициясын тартуға, жұмыс орындарын көбейтіп, әлеуметтік стандартарды нығайтуға" дауыс бергені болып саналады деді.

Халықаралық кредиторлармен келісім жүргізу тобын басқарған қаржы министрі Наталья Яреско дауыс беру алдында кредиторлармен қарызын қайта құрылымдау туралы келіссөз жүргізіп жатқан Грекия мұндай келісімге қол жеткізуді "тек армандап отырғанын" айтты.

Келісімге сай инвесторлар Украина мемлекеттік қарызының 20 пайызын кешіріп, 18 миллиард АҚШ долларынан 15,5 миллиард долларға дейін азайтады. Қалған қарызды өтеу мерзімі 2019-2027 жылдарға шегерілмек.

Украина депутаттары арасында келісімге қарсылық танытқандар да бар.

XS
SM
MD
LG