Accessibility links

Порошенко: BBC тілшілерінен санкция алынсын


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украниа президенті Петр Порошенко елдің ұлттық қауіпсіздік кеңесіне BBC-дің үш журналисін санкция тізімінен шығарып тастауды бұйырды.

Президенттің баспасөз хатшысы Святослав Цеголконың Twitter-де хабарлауынша, Порошенко өзі үшін "баспасөз еркіндігінің басты орында екенін" айтқан.

BBC журналистері 16 қыркүйекте Порошенко қол қойған санкция салынған журналистер тізіміне ілініп кеткен еді. Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер өздері бақылайтын аудандарда 18 қазанда сайлау өткізуді белгілеген соң Киев 400 адам мен 90 заңды тұлғаға санкция салған.

Журналистердің санкцияға ілінгенін халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists) ұйымы сынаған.

"Биліктің өзі туралы жазғанымен келіспейтін журналистерді ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп санауы жөнсіз" деді ұйымның Еуропа және Орталық Азия жөніндегі үйлестірушісі Нина Огнянова.

ЕҚЫҰ журналистерге санкция салуды "қауіпсіздік қамтамасыз етуге жатпайды" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG