Accessibility links

Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 635 километр қашықтықта 5,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Орталық мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері Астана уақытымен 17 қыркүйекте сағат 20:05 кезінде тіркелген. Оның ошағы Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында болған.

Алматы облысы территориясында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат түспеген.

Бейсенбі күні түс ауа Алматыдан 349 километрде де жер сілкінісі тіркелген.

XS
SM
MD
LG