Accessibility links

Компартия апелляциясын сот қанағаттандырмады


Алматы қалалық соты.
Алматы қалалық соты.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы Қазақстан коммунистік партиясының шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттыққа бүгін қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Тамыз айында Алматы қаласы мамандандырылған арнайы экономикалық соты Қазақстан коммунистік партиясын жабу туралы шешім шығарған. Партия өкілдері бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген еді. Партияның апелляциялық шағымы сотта 17 қыркүйек кешкісін қаралып, отырысқа партия өкілдерінен ешкім қатыспаған.

Оппозициялық Қазақстан коммунистік партиясын жабуды сұрап сотқа жүгінген әділет министрлігі «партия құрамы толық емес» деген уәж айтқан.

Қазақстан коммунистік партиясы өз қатарында 58 мың адам бар екенін айтса, әділет министрлігі партия құрамында 38 мың адам тіркеуде тұр дегенді алға тартады.

Қазақстан заңы бойынша, саяси партияны тіркеу үшін оның қатарында кемінде 40 мың мүшесі болуы керек.

XS
SM
MD
LG