Accessibility links

KASE: доллар бағамы 270 теңгеден өзгерген жоқ


Астанадағы валюта айырбастау орындарының бірі. 17 қыркүйек 2015 жыл.

Астанадағы валюта айырбастау орындарының бірі. 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 270 теңге 69 тиынды құрап, кешегі бағамнан 0,58 теңгеге қымбаттаған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар құны 271-272 теңге болып тұр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG