Accessibility links

Шымкентте туристік жәрмеңке өтіп жатыр


"Керуен сарай" республикалық туристік жәрмеңкесіне келген тұрғындар. Шымкент, 18 қыркүйек 2015 жыл.

"Керуен сарай" республикалық туристік жәрмеңкесіне келген тұрғындар. Шымкент, 18 қыркүйек 2015 жыл.

Шымкенттегі жаңа әкімшілік іскерлік орталығындағы Көрме орталығында «Керуен сарай» («Silk Road Fair») республикалық туристік жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңкеге жүздеген адам жиналды. Жәрмеңкеде облыстағы туристік ұйымдар, қонақ үй кешендері, шипажайлар, демалыс аймақтары, ұлттық табиғи парктер мен қорықтар өз қызметін, ал қолөнер шеберлері табиғи материалдардан дайындалған кәдесыйларды ұсынған.

- Керуен сарай туристік жәрмеңкесін ұйымдастырудағы басты мақсат - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан туристік агенттіктер, қонақ үй, шипажай, ұлттық парк сынды мекемелерге алаңқай ашып, әрқайсысының өз мүмкіндігін көрсету. Шетелдік және отандық туристерге осы мекемелердің қызметін ұсыну, - дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Бауыржан Омаров.

Бауыржан Омаровтың пікірінше, Оңтүстік Қазақстан облысы - "туристік әлеуеті өте жоғары, тарихы терең, табиғаты тамаша аймақ".

- Бұған қоса соңғы уақытта салынған заманауи қонақжайлар ішкі және сыртқа туризмді дамытуға сеп болады, - дейді Бауыржан Омаров.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG