Accessibility links

Мәскеу: ИМ қатарында 2400 ресейлік соғысып жүр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей билігі Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы қатарында 2 мың 400-ге тарта ресейлік "соғысып жүргенін" хабарлады.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) басшысының орынбасары Сергей Смирновтың айтуынша, Орталық Азия елдерінен ИМ қатарында жалпы саны 3 мыңға жуық адам соғысып жүр.

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше елдер антитеррорлық құрылымдары басшыларымен кездесуінен соң журналистерге берген сұхбатында Смирнов Таяу Шығыстан Еуропаға қарай босқындардың ағылу проблемасы "тек күшейе беретінін" және оның Ресейге "үлкен қауіп төндіретінін" айтады.

"Мәскеудің Сирия билігін қолдауы Сириядағы жағдайға кері әсер етеді және босқындар санының артуына ықпал етеді деген ұйғарым - жалған. Босқындар санының артуы аймақта ИМ ықпалының артуынан болып отыр" деді Смирнов. "Терроризммен халықаралық күресте ынтымақтастықтан қашқақтап отырған елдер барын" айтқан ФСБ басшысы "Ынтымақтастық бар болғанымен, өз деңгейінде емес. Бұл әсіресе АҚШ-қа қатысты" деді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Ресей, қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.

XS
SM
MD
LG