Accessibility links

Кремль: Сирияға әскер жіберу жағын ойланады


Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков егер Дамаск өтініш білдіргендей болса, Ресей Сирияға әскер жіберуді қарастырып көретінін мәлімдеді.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Песков егер әскер жіберу туралы өтініш жасалса оның "талқыланып, сараланатынын", бірақ әзірге мұндай мәселе болжам күйінде ғана екенін айтқан.

17 қыркүйекте Ресей АҚШ пен оның одақтастарын "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте Сирия үкіметін "серіктес" деп санауға шақырған. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті мен Пентагон «Ресей Сирияның Латакия провинциясы маңында әскери база салып жатуы мүмкін» деп мәлімдеген еді.

Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем 17 қыркүйекте Сирияда Ресей әскері соғысып жүр деген ақпаратты жоққа шығарған. Бірақ министр Дамаск егер мұқтаж болса Ресейден көмек сұраудан қысылмайды деген.

Бірақ 17 қыркүйекте Сирия армиясындағы дереккөзіне сүйенген Reuters соңғы айларда көтерілісшілермен қақтығыста біраз жерінен айырылған Сирия әскері Ресей жөнелткен жаңа қару-жарақтарды қолдана бастағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG