Accessibility links

Оралда 81 жастағы "емшіге" сот үкімі шықты


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Батыс Қазақстан облыстық соты "заңсыз медициналық қызмет көрсетумен айналысып, екі баланың өзіліміне себепкер болды" деп айыпталған Орал қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал қалалық соты 81 жастағы Нина Солопованы "дәстүрлі емес медициналық тәсілмен емдеп, екі сәбидің өлімініе себепкер болды" деп айыптап, екі жылға бас бостандығын шектеген. Сот материалдары бойынша, "медициналық білімі, тиісті сертификаты мен рұқсаты жоқ" Солопова қалада "науқастарды дәстүрлі емес жолмен емдеумен айналысқан.

"Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының жасы мен жәбірленушілердің оған ешқандай кінә тақпағанын ескерді" делінген сот таратқан ақпаратта.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енбеген.

Соттың баспасөз қызметі Солопова өзіне тағылған айыпты мойындамағанын айтады.

XS
SM
MD
LG