Accessibility links

Армения белсендісі Бакуден саяси баспана сұрады


Армениялық оппозиция белсендісі Вахан Мартиросян баспасөз жиынын өткізіп отыр. Баку, 18 қыркүйек 2015 жыл.

Армениялық оппозиция белсендісі Вахан Мартиросян баспасөз жиынын өткізіп отыр. Баку, 18 қыркүйек 2015 жыл.

Армения оппозициясының белсендісі Вахан Мартиросян көршілес Әзербайжанға өтіп кетті.

Әзербайжандағы "Ұлттық азат ету қозғалысы" үкіметтік емес ұйымының басшысы Мартиросян 18 қыркүйекте Бакуде журналистерге Әзербайжаннан саяси баспана сұрағанын хабарлады. Белсенді Армения президенті Серж Саркисянның саясатын "Арменияға қарсы" деп айыптап, Әзербайжан ақпарат құралдарын "Армениядағы қазіргі жағдайдан шынайы ақпарат беретін" жалғыз дереккөз деп атады.

Мартиросян Армения билігі өзін "саяси қызметі үшін қудалағандықтан" әйелі және кішкентай баласымен бірге Әзербайжанға қашуға бел буғанын айтты.

Баку мен Ереванның қарым-қатынасы Әзербайжаннан бөлінген армяндар басым тұратын Таулы Қарабах аймағына қатысты жанжалдан соң нашарлаған.

Армения қолдайтын сепаратистер Таулы Қарабахты 1990 жылдардың басында болған соғыста басып алған. Ол соғыстан 30 мыңға тарта адам мерт болған.​

XS
SM
MD
LG