Accessibility links

Ресей Польшаға ескерткішті сүруге қатысты ескертті


Советтік Қызыл армия генералы Иван Черняховскийдің ескерткіш мүсінін тұғырынан алып жатыр. Пененжо, Польша, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Советтік Қызыл армия генералы Иван Черняховскийдің ескерткіш мүсінін тұғырынан алып жатыр. Пененжо, Польша, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей Польшаға Екінші дүниежүзілік соғыстағы совет генералы Иван Черняховскийге қойылған ескерткішті сүрудің салдары "ауыр болатынын" ескертті.

Польша билігі 17 қыркүйекте елдің солтүстігіндегі Пененжо қаласында Черняховскийге орнатылған ескерткіш мүсінді алып тастаған. Совет генерал 1945 жылы осы жерде ұрыста алған жарақатынан қайтыс болған. Жергілікті билік ескерткішті "Польшаға коммунизмді күштеп таңу белгісі" деп ұйғарады. Ал Ресей Черняховскийді ұлттық батыры санайды.

Ресейдің Варшавадағы елшілігі 18 қыркүйекте Ресей Польшаны "мұндай ескерткіштерді сүрудің ауыр салдары болмай қоймайтынын" бірнеше рет ескерткенін мәлімдеді.

Варшава мен Мәскеу арасы Украина шығысындағы қақтығыстарға байланысты шиеленіскен. Польша Ресей Украинадан Қырымды аннексиялап алғаннан бері Кремльді өткір сынап келеді. Киев пен басқа да Батыс елдері сияқты Варшава да Мәскеуді Украина шығысында үкімет әскерімен соғысып жатқан ресейшіл сепаратистерге қолдау мен көмек көрсетеді деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG