Accessibility links

KASE: Доллар бағамы 279 теңгеден асты


Алматыдағы ақша айырбастау орындарының біріндегі 16 қыркүйектегі айырбас бағамы.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарының біріндегі 16 қыркүйектегі айырбас бағамы.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін кешкі сауда сессиясында бір АҚШ долларының бағамы 279 теңге 48 тиынды құрады. Таңғы саудада доллар бағамы 270 теңге 69 тиын болған.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 279 теңгеден асып тұр.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық банкі "теңгенің айырбас бағамының құбылып тұруына байланысты" KASE-дегі сауда-саттыққа араласып, валюталық интервенция жасайтынын хабарлаған.

Кеше KASE-дегі саудада ұлттық банк жасаған валюталық интервенция көлемі 270 миллион доллардан асқан.

Тамыздың 20-сы күні Қазақстан үкіметі мен ұлттық банк теңге бағамын белгілі бір шекте ұстап тұрудан бас тартып, еркін айналымға жіберген. Ұлттық банк доллар бағамы 300 теңгеге жуықтағанда валюталық интервенция жасаған.

XS
SM
MD
LG