Accessibility links

Израиль Иерусалимде қауіпсіздікті күшейтті


Иерусалимдегі Израиль полициясы. 15 қыркүйек 2015 жыл.
Иерусалимдегі Израиль полициясы. 15 қыркүйек 2015 жыл.

Израиль Иерусалимде палестиндіктер мұсылмандар қасиетті санайтын Әл-Харам Әл-Шариф қырқасында полициямен бірнеше рет қақтығысқан соң қауіпсіздікті күшейту үшін бірнеше жүз резервисті шақыртып алды.

Соңғы бір аптада Иерусалимде палестиналықтар мен израиль полициясының қақтығысынан бір израильдік қаза тауып, бірнеше адам жараланған.​

Полиция аймаққа жүздеген қарауыл қойып, Әл-Харам Әл-Шарифте орналасқан Әл-Ақса мешіті мен Жартас Күмбезі орналасқан бұл жерге жасы 40-қа толмаған мұсылман ерлердің кіруіне тыйым салған.

Еврейлер мұсылмандар қатар қасиет тұтатын бұл жерде жанжал жиі болады.

XS
SM
MD
LG