Accessibility links

Ватикан Сириядан алғашқы босқындарды қабылдады


Ватикандағы әулие Петр базиликасы. (Көрнекі сурет).
Ватикандағы әулие Петр базиликасы. (Көрнекі сурет).

Ватикан Сириядан келген алғашқы босқындар - грек католиктері отбасын қабылдады. Ватиканның мәлімдеуінше, екі баласы бар отбасы Дамаскіден Италияға 6 қыркүйекте - Рим Папасы Франциск Еуропадағы барлық шіркеу приходтарын босқындарды қабылдауға шақырған күні жеткен.

Италияға барған босқындар Сириядағы соғыстан сақтану үшін пана сұраған. Заң бойынша, босқындар өтініш бергеннен бастап алғашқы жарты жыл бойы жұмыс істей алмайды. Бірақ оларға Ватикандағы Әулие Анна шіркеуі көмектесіп тұрады. Ватикан Сириядан тағы бір отбасы келеді деп күтіп отыр.

Римнің орталығында орналасқан шағын мемлекет Ватиканда Әулие Анна шіркеуі мен Әулие Петр соборы орналасқан.

XS
SM
MD
LG