Accessibility links

Белградта гей-парад өтті


Белградтағы гей-парадқа қвтысушылар. 20 қыркүйек 2015 жыл.

Белградтағы гей-парадқа қвтысушылар. 20 қыркүйек 2015 жыл.

Белградта бүгін өткен гей-парадқа жүздеген адам қатысты. Жыныстық азшылық құқықтарын қорғаушы белсенділер қолдарына түрлі-түсті шарлар мен тулар ұстап шықты. Акция кезінде көшедегі тәртіпті бірнеше жүз полиция қадағалап тұрды. Таңертеңнен қала орталығында көлік қозғалысы шектеліп, шара өтетін жерге су бүріккіш құралдар мен бронетранспортерлер әкелінді. Тәртіпсіздіктер мен зардап шеккендер туралы деректер түспеген.

Полиция бүгінгі гей-парадқа қатысушылар мен оңшыл бағыттағы топтар арасында қақтығыс бола ма деп қауіптенген. Оңшылдар гейлерге қарсы бұған дейін қоқан-лоқы жасаған.

2010 жылы Белградта алғаш рет өткен гей-парад кезінде ұлтшылдар тобы шеруге шабуылдап, салдарынан 150 адам зардап шеккен болатын. Содан кейін гейлер мен оларға қарсылардың арасындағы қақтығыстарға байланысты бірнеше жыл бойы Белградта гей-парад өткізілмеген. Тек 2014 жылы ғана қала билігі ЛГБТ-қауымдастығына шеру өткізуге рұқсат берген еді.

XS
SM
MD
LG