Accessibility links

Қызылорда: базар бағасын бақылауда ұстауға тырысып жатыр


Қызылорда облысындағы Қазалы базары. (Көрнекі сурет)
Қызылорда облысындағы Қазалы базары. (Көрнекі сурет)

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов жұма күні брифингте облыс басшылығы «азық-түлік пен басқа да өнімдерге бағаны негізсіз қымбаттатуға жол бермес үшін» әртүрлі шаралар қабылдап жатқаны туралы мәлімдеген. Облыстық «Кызылординские вести» газеті облыс әкімі орынбасарының теңге бағамының күрт құлдырауына қарамастан негізгі әлеуметтік өнімдер, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдарды мен мұнай өнімдері бағаларын бақылауда ұстап отырғаны туралы айтқан сөзін келтірген.

Қант бағасының аздап қымбаттауын билік маусымдық баға өзгеруімен байланыстырады. Жұмыртқа мен өсімдік майының бағасы да қымбаттағанымен, оның «шекті мөлшерде» екендігі айтылады. Сонымен бірге, қарақұмық, капуста, пияз, қызылша, сәбіз және картоп бағасы арзандағаны байқалып отыр деп жазады «Кызылординские вести» басылымы.

Азаттық тілшісі Қызылорда қаласындағы «Сыбаға» базары директорының орынбасары Рәшит Фаткулдиновтың «базарда баға қымбаттамауы үшін» шара қолданып жатқаны туралы айтқанына куә болды.

– Қазір қысқы маусымға дайындық жүріп жатыр, біз халыққа сатылатын тауар бағасы қымбат болмауы үшін осындай шараларды қолға алып жатырмыз, - деді Рәшит Фаткулдинов.

Ал саудагерлер осы базарда сауда істегені үшін алынатын төлемдердің жақында болған теңге девальвациясынан соң екі есеге жуық өсіп жатқанына шағым айтады.

Оқиға орнынан Азаттық түсірген видео:

Базар бағасын бақылау
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:03 0:00

Тамыздың 20-сынан бастап Қызылорда облысында аймақтық штаб құрылған, күніне үш рет бағаға мониторинг жүргізіледі дейді билік орындары. «Кызылординские вести» басылымының хабарлауынша, аталған штаб облыстағы базарлар және ірі сауда орындарымен тікелей жұмыс істеп, бағаны шамадан тыс қымбаттатуға жол бермеу туралы меморандумдар жасасқан.

XS
SM
MD
LG