Accessibility links

Ресейде Коми басшысы мен орынбасары ұсталған


Коми республикасының басшысы Вячеслав Гайзер.

Коми республикасының басшысы Вячеслав Гайзер.

Ресей федерациясы құрамындағы Коми республикасының басшысы Вячеслав Гайзер ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен ұсталған. Онымен бірге орынбасары Алексей Чернов пен кәсіпкер Валерий Веселов та қамауға алынған. Олардың жұмыс орындары мен тұрғылықты жеріне тінту жүргізілген. Бұл туралы бүгін Ресей тергеу комитеті хабарлаған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Гайзердің ұсталғаны туралы Владимир Путиннің хабардар екенін, бірақ әзірше Коми басшысы міндетін атқарушы туралы жарлық шықпағанын мәлімдеген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 18-19 қыркүйекте «қылмыстық топқа қатысы бар» деген күдікпен барлығы 19 адам ұсталған.

Ресей тергеу комитеті басшысы Владимир Маркиннің мәлімдеуінше, Гайзер басшылық еткен топ мемлекет мүлкін заңсыз жолмен иеленбек болған деген күдікпен ұсталған.

48 жастағы Вячеслав Гайзер Коми республикасын 2010 жылдан бері басқарып келген, 2014 жылы осы қызметке қайта сайланған. Ол биліктегі «Единая Россия» партиясы Жоғарғы кеңесінің мүшесі. Ресейдегі азаматтық қоғамды дамыту қорының бағалауы бойынша, 2014 жылы Гайзер Ресейдегі жұмысы ең тиімді аймақ басшыларының тізімінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен бірге төртінші орынды бөліскен.

XS
SM
MD
LG