Accessibility links

Рим папасы Франциск Кубаға сапармен барды


Куба жетекшісі Рауль Кастро мен Рим папасы Франциск (оң жақта) Ватикандағы кездесуде. 10 мамыр 2015 жыл.
Куба жетекшісі Рауль Кастро мен Рим папасы Франциск (оң жақта) Ватикандағы кездесуде. 10 мамыр 2015 жыл.

Рим папасы Франциск төрт күндік сапармен Кубаға барды. Сенбі күні Гаванада сөйлеген сөзінде Ватикан басшысы АҚШ президенті Барак Обама мен Куба жетекшісі Рауль Кастроны екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіруді жалғастыра беруге шақырған.

Франциск АҚШ пен Куба арасындағы байланысты қайтадан қалпына келтіруді қолдайтын тұлға саналады. Рим папасы Вашингтон мен Гавананың өзара қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған қадамдарын «бүкіл әлем үшін татуласу үлгісі» деп атаған.

Ватикан басшысын қарсы алған Кубаның қазіргі жетекшісі Рауль Кастро өз сөзінде осы елдің АҚШ-пен қатынасын қалпына келтіруге қолдау танытқаны үшін Рим папасына алғыс білдірген.

Кубадағы 11 миллион тұрғынның жеті миллионға жуығы өздерін католик санайды.

Кубадағы журналистердің айтуынша, Рим папасы келерге дейін Гаванада көшелер жөнге келтіріліп, кафедралдық шіркеуде реставрациялық жөндеу жұмыстары жүргізілген.

XS
SM
MD
LG