Accessibility links

Австрияға мыңдаған мигрант барып жатыр


Товарник қаласындағы мигранттар. Хорватия, 19 қыркүйек 2015 жыл.

Товарник қаласындағы мигранттар. Хорватия, 19 қыркүйек 2015 жыл.

Австрияға Венгриядан жаңадан мыңдаған мигрант барды. Сенбі күні Венгрия мен Хорватия бір-бірінің атына сын айтты. Хорватия жағы өз жеріне толассыз келіп жатқан мигранттарды ары қарай өткізуге мәжбүр екенін мәлімдеген. Будапешт болса Загреб ел аумағына келген босқындарды тіркеу шараларын жүргізбей отырғаны себепті ол жұмысты венгриялықтардың атқаруына тура келіп отырғанын айтады.

Австрия сыртқы істер министрі Йоханна Микл-Ляйтнер өз еліне мигранттар Хорватиядан енді басқа бағытпен – Словения арқылы келіп жатқаны туралы мәлімдеген.

Бұған дейін Хорватия билігі Сербиямен шекарасындағы барлық өткізу бекеттерін жауып, тек Белград пен Загребті жалғастыратын автокөлік жолы өтетін тұсын ғана ашық қалдырған еді.

Таяу Шығыс пен Африкадан келіп жатқан ондаған мың мигранттар визаны қажет етпейтін Шенген аймағына енетін Венгрия мен Словения арқылы Еуропаға өтуді жөн санайды. Олар осы екі мемлекет арқылы Германияға және Еуропаның солтүстігіндегі елдерге жеткісі келеді.

XS
SM
MD
LG