Accessibility links

Жаңаөзен қасындағы өрттің сөндірілгені хабарланды


Жаңаөзен қаласына таяу жердегі мұнай қалдықтарын төгетін орындағы өрттің түтіні. 19 қыркүйек 2015 жыл. Азаттыққа оқырман жолдаған сурет.

Жаңаөзен қаласына таяу жердегі мұнай қалдықтарын төгетін орындағы өрттің түтіні. 19 қыркүйек 2015 жыл. Азаттыққа оқырман жолдаған сурет.

Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан 15 шақырымдай жердегі мұнай қалдықтарын төгетін қамбадағы өрт толық сөндірілген. Бұл туралы осы өртті өшіру үшін құрылған штабқа басшылық жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев хабарлаған.

Оның айтуынша, өрт жексенбі күні таңертеңгі сағат 7:30 шамасында толық сөндірілген. Өртті сөндіру жұмыстарына барлығы 35 техника мен жеке құрамдағы 144 адам қатысқан. Қазір мамандар өрт ошағында оттың неден тұтанғанын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

Қыркүйектің 18-і күні жергілікті сағат 17 кезінде Жаңаөзен маңындағы Қарақия ауданындағы мұнай қалдықтарын төгетін қамбада шыққан өртті сөндіру жұмыстары екі күннен астам уақытқа жалғасқан. Соңғы деректер бойынша, өрт көлемі шамамен 10 мың шаршы метрді құраған. Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG