Accessibility links

Тұрсынбаева АҚШ-тағы турнирде күміс жүлде алды


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева.

Қазақстандық 15-жасар Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында өткен US International Classic халықаралық жарысы қортындысында күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Қазақстандық жасөспірім қыз 177,91 ұпай жиған. Ал турнир жеңімпазы атанған жапон спортшысы Сатоко Мияхара 183,64 ұпаймен озған. Қола жүлдені 166,80 бал алған АҚШ өкілі Анжела Ванг иеленген.

Тұрсынбаева бұл жарыста жапон Канако Мураками, америкалық Карен Чен, Австралия өкілі Брукли Хан және басқа көптеген танымал спортшылардан өнер асырған.

Элизабет Тұрсынбаева енді қазан айының соңында Милуокиде ересектер арасында өтетін Skate of America жарысына қатысады.

Қазақстандық жас спортшыны соңғы үш жыл бойы канадалық маман Брайан Орсер жаттықтырып жүр.

АҚШ-тағы жарысқа қатысқан Элизабет Тұрсынбаеваның сөзі:

XS
SM
MD
LG