Accessibility links

Грекия сайлауында Ципрас партиясы жеңіске жетті


"Сириза" партиясы жетекшісі Алексис Ципрас партия штаб-пәтерінде қолдаушылары алдында сөйлеп тұр. Афины, 20 қыркүйек 2015 жыл.
"Сириза" партиясы жетекшісі Алексис Ципрас партия штаб-пәтерінде қолдаушылары алдында сөйлеп тұр. Афины, 20 қыркүйек 2015 жыл.

Грекиядағы кезектен тыс парламент сайлауында бұрынғы премьер-министр Алексис Ципрастың солшыл "Сириза" партиясы жеңіске жетті. 21 қыркүйекте сайлау нәтижесін жариялаған ішкі істер министрлігі берілген дауыстың 99 пайызын санағандағы нәтиже бойынша "Сириза" партиясы 35,47 пайыз дауыс жинағанын хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, екінші орынды 28 пайыз дауыс жинаған консервативтік Жаңа демократия" партиясы иеленген. "Жаңа демократия" партиясы парламенттегі 75 орынға ие болмақ. Одан кейінгі орындардағы "Алтын шапақ" партиясына 18 орын, Коммунистік партияға 15 орын тимек.

Парламентке бұлардан өзге тағы үш партия өткен.

Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 55 пайызы қатысқан. Бұл - бұған дейінгі сайлауларға қатысқандар санынан азырақ.

"Сириза" жетекшісі әрі бұрынғы премьер Алексис Ципрас оңшыл "Тәуелсіз Грекия" партиясымен қайта коалиция құратынын мәлімдеді. Бұл партия Ципрас тамыздың 20-сында отставкаға кетіп, парламент таратылғанға дейін басқарушы коалицияда "Сиризамен" серіктес болған.

XS
SM
MD
LG