Accessibility links

Роухани: Иранда ядролық келісімді көпшілігі қолдайды


Иран президенті Хассан Роухани.
Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани америкалық 60 Minutes телебағдарламасына берген сұхбатында ирандықтардың көпшілігі шілдеде жасалған Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзді қолдайтынын мәлімдеді. Келісім бойынша, Иранның ядролық бағдарламасы кәдімгідей шектеліп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкциялар жеңілдемек.

Роухани ирандықтар АҚШ-қа әлі де сеніңкіремесе де, келісім Тегеран мен Вашингтонның қарым-қатынасын жақсартуы тиіс деген. "Қиындықтарды, келіспеушілік пен бір-біріне өзара сенімсіздікті жою оңай емес. Бірақ біз бұл жаулықты жоюға бірінші болып қадам жасадық" деген Роухани. Ол бұған қоса АҚШ-пен тұтқын алмасуға ынталы екенін де білдірген.

Иран түрмесінде бірнеше АҚШ азаматы, оның ішінде Washington Post басылымының журналисі Джейсон Резаян қамауда отыр. АҚШ-та да бірнеше Иран азаматы қамауда. Олардың кейбіріне санкция режимін бұзды деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG