Accessibility links

Астанада белсенді Біләлов ұсталғаны хабарланды


Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.
Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.

Астанада азаматтық белсенді Болатбек Біләлов ұсталды. Бұл туралы Азаттыққа белсендінің ағасы Қанат Біләлов хабарлады.

- Бүгін түсте үйге бірнеше көлікпен полицейлер келіп, шақырту алып келді. Онда Болатбектің "бір іске қатысты күдікті" екендігі көрсетілген, ал ол не іс, қандай іс екенін түсіндірген жоқ, - дейді Қанат Біләлов.

Оның сөзінше, қазір Болатбек Біләлов Астана қаласы ішкі істер департаментінде. Азаматтық белсендіні қолдап, ондаған адам жиналған, олар «Болатбекке арандатушылық әрекет жасалып жатыр» деген ойда. Қанат Біләловтың сөзінше, департамент ғимаратының ішінде «Болатбекті босатуды» сұрап, қолдауға келгендер арыз жазып жатыр.

Азаттық тілшісі бұл істің анығын білмек болып Астана қалалық ішкі істер департаментіне хабарласқан. Кезекші бөлімдегі қызметкер «бұл ақпараттан бейхабар екенін» айтты. Ал департаменттің баспасөз қызметі телефонға жауап бермеді.

XS
SM
MD
LG