Accessibility links

Нетаньяху мен Путин Сириядағы Ресей әскерін талқылайды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Ресей президенті Владимир Путин бүгін Мәскеуде ресейлік әскерилерді Сирияға жөнелту мәселесін талқылайды. Болжам бойынша, кездесуде Нетаньяху Мәскеудің Сирияда әскери әлеуетін арттыру ниетіне Тель-Авивтің алаңдаушылығын білдіреді.

Jerusalem Post басылымының жазуынша, Нетаньяху Мәскеуге өзімен бірге Израиль бас штабының басшысы Гади Айзенкот пен Израиль барлау қызметінің басшысы Герцл Галевиді ерте келген. Басылым Нетаньяху шетелге әскери басшыларды ертіп баруы сирек болады дейді.

Израиль Сирияда үкімет әскерлері мен исламшыл көтерілісші топтар арасындағы қақтығыстарға Ресей әскерінің килігуі ресейлік әскерилермен қақтығысқа соқтыруы мүмкін деп алаңдайды. Бұған қоса, Сирияның оңтүстігіндегі содырларға қарсы біраз операция жүргізген Израиль Ливанның "Хезболла" ұйымы Ресейдің Сирияға жеткізіп жатқан қару-жарағына ие бола алмайтынына көз жеткізгісі келеді.

АҚШ бірнеше күн бұрын Ресеймен Сирияда "қақтығысқа ұрындыратын жағдайларды болдырмау" үшін келіссөз жүргізген.

XS
SM
MD
LG