Accessibility links

Австралияда тұңғыш әйел қорғаныс министрі тағайындалды


Австралияның жаңа үкімет құрамы.

Австралияның жаңа үкімет құрамы.

Австралияда жаңа жасақталған үкімет құрамында бүгін ел тарихында тұңғыш әйел қорғаныс министрі Марис Пэйн де ант берді.

51 жастағы Марис Пэйн соңғы жылдары әлеуметтік жәрдем министрі болып жұмыс істеген. Мұның алдында ол 1997 жылдан бері Жаңа Оңтүстік Уэльс штатынан сайланған сенатор болған.

Отставкаға жіберілген бұрынғы қорғаныс министрі Кевин Эндрюс өзінің қызметтен алынғанына разы емесін білдіріп, елде тұрақсыздық туады деп ескертті.

Билеуші Либералдық партияның парламентте дауыс беруі арқылы қыркүйектің 15-і күні үкімет басына келген Австралияның жаңа премьері Малкольм Тернбул кабинетіне бес әйел адамды министр етіп қызметке шақырды.

XS
SM
MD
LG