Accessibility links

Молдова ұлттық банкі басшысы отставкаға кетпек


Молдова ұлттық банкінің басшысы Дорин Драгутану.
Молдова ұлттық банкінің басшысы Дорин Драгутану.

Молдова ұлттық банкінің басшысы Дорин Драгутану өткен жылы жергілікті банктерден жымқырудың алдын ала алмағаны үшін сынға іліккеннен кейін отставкаға кететінін мәлімдеді.

2014 жылы молдовалық үш банктен 1 миллиард доллары жымқырылып, оның соңы ұлттық валютаның құнсыздануына және Батыс елдерінің Молдоваға көмегін тоқтатып, жаппай наразылық шерулерінің туындауына әкеп соқтырған.

Драгутану қаржы жымқырылуына қатысты өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, билікті банктерден қаржы жоғалуы қаупі бары туралы бірнеше рет ескерткенін мәлімдеген.

Ол қыркүйектің 21-і күні "кейбір саясаткерлердің қысымымен" отставкаға кететінін айтты.

Молдова президенті Никола Тимофти мен премьер-министр Валерий Стрелет Драгутанудың қызметінен алынатынын хабарлаған. Кишиневте елдегі коррупцияға қарсылық танытып көшеге шыққан мыңдаған демонстрант президент пен премьердің де отставкаға кетуін талап еткен.

Ертең, 22 қыркүйекте Молдова үкіметі мен Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) күрделі келіссөз бастайды.

Молдова ХВҚ-мен Еуропа Одағы және Батыс елдерінен келетін көмекті жіберуге қатысты ынтымақтастық келісімін жасасуды көздейді.

XS
SM
MD
LG