Accessibility links

МАГАТЭ: Иран әскери базасынан сынама алдық


МАГАТЭ басшысы Юкия Амано (сол жақта) мен Иран президенті Хассан Роухани.
МАГАТЭ басшысы Юкия Амано (сол жақта) мен Иран президенті Хассан Роухани.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) басшысы Юкио Амано Иран билігі агенттікке Тегеран маңындағы Парчин әскери базасындағы топырақ сынамасын агенттікке тексеруге бергенін хабарлады.

Аманоның айтуынша, Иран жағы "сынаманы тапсыруда белсенділік танытқан". Ол агенттік Тегеранның базадағы бұрынғы әскери іс-қимылдарын тексеруде "біршама табысқа қол жеткізгенін" де айтты.

Амано Иран мамандарының әскери базадан топырақ сынамаларын алу процесін МАГАТЭ талаптарына сай орындағанын да жеткізді. Ол процесс "агенттік жауапкершілігімен және бақылауымен орындалғанын" айтты.

Иран атом энергиясы агенттігінің өкілі Бехруз Камалванди "сынаманы алу кезінде МАГАТЭ мамандарының болмағанын" айтты.

Бірақ МАГАТЭ бас сарапшысы Теро Вариорантаның сөзінше, ирандықтардың топырақ сынамасын алу жұмысы видео трансляция арқылы бақыланған.

Топырақ сынамасы базада ядролық, я басқа да қырып-жоятын қару жарақ сынағы іздері бар-жоғын анықтау үшін алынған.

Амано бұған дейін әскери сынақ жасалды делінген базаға 20 қыркүйекте барған. Ол база жаңартылып, әскери құрал-жабдықтар әкетілгенін айтқан.

АҚШ пен Батыс елдері Иран ядролық қару жасауға тырысты деп күдіктенеді. Бірақ Иран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG