Accessibility links

Америкааралық қылмыстық көмек конвенциясы мақұлданды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қылмыстық істе өзара көмек көрсету туралы Америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Конвенция бойынша, оған қол қойған елдер қылмыстық қудалау мен тергеуде бір-біріне көмек көрсетуі тиіс. Қылмыстық іске қатысты көмек өтініш берген жағдайда көрсетіледі. Конвенцияда өтініш бойынша мүлікті арестке қою, активтермен операция жүргізуді тоқтату, сотталған азаматтарды беру қарастырылған.

Конвенцияға қол қойған ел егер өтініш жыныстық, таптық белгілері, идеологиялық, саяси ұстанымы бойынша қудалау үшін жасалса оны орындаудан бас тартуға хақылы.

Конвенцияға 1992 жылы Багам аралдары астанасы Нассау қаласында Америка мемлекеттері ұйымына мүше елдер қой қойған. Қазақстан бұл ұйымның тұрақты бақылаушысы.

Америка мемлектетері ұйымына 35 мемлекет мүше.​

XS
SM
MD
LG