Accessibility links

Венгрия мигранттарға қарсы резина оқ қолдануға рұқсат етті


Хорватиямен шекара маңында тұрған Венгрия әскері.

Хорватиямен шекара маңында тұрған Венгрия әскері.

Венгрия парламенті ел әскеріне шекараны заңсыз кескен мигранттарға қарсы резина оқ, көзден жас ағызатын газ қолдануға рұқсат берді. Бұдан бөлек полиция мигранттарды іздеу үшін елдегі кез келген тұрғын үйге кіруге де рұқсат алды.

Венгрия бұған дейін заңсыз келіп жатқан мигранттарға тосқауыл болу үшін Сербиямен шекараны жапқан.

Биыл Еуропаға жарты миллионнан астам мигрант келген. Олардың көбі - Сирия, Ирак, Ауғанстан және Африка елдерінің азаматтары.

XS
SM
MD
LG