Accessibility links

АҚШ: Ресей Сирияда пилотсыз ұшақтарын ұшыра бастады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, Ресей Сирияда пилотсыз ұшақтарын ұшыра бастаған.

Есімдерін жарияламаған екі шенеунік 21 қыркүйекте Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ресейлік ұшақтардың нақты санын айта алмаған. Ал Пентагон бұл жайтқа байланысты пікір білдірмеді.

Батыс елдері Ресейдің Сирия территориясына әскер кіргізуі мен әскери қимылдарына алаңдаушылықпен қарайды. Ал Мәскеу бұл қимылын "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресте Сирия үкіметіне көмектесу деп түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG