Accessibility links

Әбіқаевтің ұлы Италиядағы елші болып тағайындалды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Дипломат Сергей Нұртаев Қазақстанның Италиядағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлайды бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (ҰҚК) Нұртай Әбіқаевтың ұлы, 40 жастағы Сергей Нұртаев бұған дейін Қазақстанның Грекиядағы елшісі болған.

Нұртаев дипломатиялық салада 13 жылдан астам уақыт қызмет етеді. 2002 жылы ол Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің хатшысы болып тағайындалған. 2004-2007 жылдары Қазақстанның Санкт-Петербургтағы бас консулы болған. 2007 жылы Сергей Нұртаев Қазақстанның Грекиядағы уақытша сенімді уәкілі болып, екі жылдан соң осы елдегі елші болып тағайындалған.

68 жастағы Нұртай Әбіқаев ҰҚК-ны 2010 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол сыртқы істер министірінің орынбасары, сенат төрағасы, президент әкімшілігінің жетекшісі болған.

XS
SM
MD
LG