Accessibility links

БАҚ: Ресей Сирияға 28 әскери ұшақ жеткізген


Ғарыштан түсірілген Латакиядағы әскери базада тұрған ресейлік ұшақтар мен әскери техникалар көрінісі.
Ғарыштан түсірілген Латакиядағы әскери базада тұрған ресейлік ұшақтар мен әскери техникалар көрінісі.

Ресей 21 қыркүйекке дейін Сирияға 28 әскери ұшақ жеткізді деп хабарлады Пентагондегі дереккөзіне сілтеме жасаған америкалық ақпарат құралдары.

Өткен аптаның соңына дейін Сирияға 12 Су-25 шабуылдаушы және 12 Су-24 бомбалаушы ұшақ жеткізілген. Америкалық барлау қызметі бұған дейін Сирияда тек төрт Су-27 жойғыш ұшағы болған дейді. Ұшақтар Латакиядағы аяқ астынан құрылған әскери базада тұр. Ол базаны әлі әскери қимылға араласпаған "Панцирь" зенит зымыран кешені күзетеді.

Аты-жөнін атамаған америкалық өкілдің хабарлауынша, Ресей Сирияда түрлі әскери операциялар жүргізе алатын толыққанды әскери база құрып жатыр. Соңғы күндері Сирияға әскери техника мен әскерилерді түсіру күрт көбейген. Әскери ұшақтардан өзге мұнда 15 әскери және жүк тасымалдаушы тікұшақ, тоғыз Т-90 танкі мен 500 ресейлік теңіз жаяу әскері түсірілген.

Өткен аптада АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефонмен сөйлескенінде Сирияда Ресей әскері мен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресіп жатқан халықаралық коалиция күштерінің кездейсоқ қақтығысып қалмауына қатысты сөйлескен. Бірақ New York Times басылымының хабарлауынша, америкалық әскерилер әзірге Ресей әскери қолбасшылығымен байланыс орнатуды жоспарлап отырған жоқ.

XS
SM
MD
LG