Accessibility links

Путиннің бұрынғы серігі Ресейге қарсы шағым берді


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Сергей Пугачев.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Сергей Пугачев.

Бұрынғы Ресей олигархы, Кремльге ықпалы үшін "Путиннің банкирі" атанған Сергей Пугачев Ресейдің үстінен 10 миллиард АҚШ долларын өндіріп беруді талап етіп шағым түсірді. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің қудалауына ұшыраған соң бизнесінен айырылған.

Пугачевке жақын адамның Reuters агенттігіне хабарлауынша, бұрынғы олигарх шағымды 21 қыркүйек күні Гаага сотының тұрақты палатасына түсірген.

Ресей қазір Гаага сотының 2014 жылы шығарған шешіміне қарсы шағым түсіріп жатыр. Сот 2014 жылы Ресейді бір кездері бұрынғы олигарх Михаил Ходорковский басқарған ЮКОС компаниясының активтерін тартып алғаны үшін 50 миллиард доллар төлеуге міндеттеген.

Ресейде Борис Ельцин билігінің соңғы кезінде Путиннің жоғары билікке жетуіне ықпал еткен Пугачев 2008 жылғы қаржы дағдарысынан соң Путиннің ең әлеуетті серіктерімен келіспей қалған. 2011 жылы Ресейден кеткен соң Пугачев Путиннің серіктерін бизнесі мен активтерінен, оның ішінде Сібірдегі ірі мұнай кен орындарын игеруден айырды деп айыптаған.

Ресей билігі Пугачевке Ресей орталық банкінен несие алған өз банкісі құлаған соң "заңсыз қаржы жымқырып, бөтеннің мүлкін иеленгені" үшін іздеу жарияланған дейді.

Пугачев бұл айыпты жоққа шығарады. Ресейдің сұрауы бойынша Интерпол оны тұтқындауға ордер берген.

XS
SM
MD
LG