Accessibility links

Роухани: Иран әскері ИМ-мен күреске дайын


Иран президенті Хассан Роухани әскери парадта сөйлеп тұр. Тегеран, 22 қыркүйек 2015 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани әскери парадта сөйлеп тұр. Тегеран, 22 қыркүйек 2015 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани Иран әскері "аймақтағы террористерге" қарсы ең сенімді күш екенін мәлімдеді.

22 қыркүйекте Тегеранда жыл сайын өтетін әскери парадта сөйлеген Роухани Иран әскері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларымен күресте Ирак пен Сирияға қатар көмектесуге дайын екенін, бірақ Тегеранның өзге елдерді басып алу мақсаты жоғын айтты.​

Ол егер "аймақта террористер ықпалы арта берсе, онда Иран армиясы мен Революциялық гвардия ғана оларды тоқтататын жалғыз күш" болатынын жеткізді.

Роухани Таяу Шығыстағы елдер "Батыс мемлекеттері өздерін қорғайды деп сеніп қалмауы тиіс" екенін ескертті.

Иран бұған дейін ИМ содырларымен күреске көмектесу үшін Сирия мен Иракқа әскери кеңесшілерін жіберген.

XS
SM
MD
LG