Accessibility links

Құқық қорғаушылар АП-162/2 колониясына кіре алмады


Қазақстандағы түрменің бірі. (Көрнекі сурет)
Қазақстандағы түрменің бірі. (Көрнекі сурет)

Павлодар облысындағы АП-162/2 колониясына осы өңірдегі Қоғамдық бақылау комиссиясы (ҚБК) өкілдері кіре алмады. Павлодар облысындағы ҚБК өкілі Елена Семенованың Азаттыққа хабарлауынша, олар АП-162/2 колониясына жоспарлы сапармен келген, келетіндері туралы түрме әкімшілігіне бір күн бұрын хабарлаған.

«Келген кезде әріптесім Антонина Жаак екеуміз колонияның полиция қоршауында тұрғанын көрдік. Бізді кіргізбеді» дейді құқық қорғаушы Семенова. Оның сөзіне қарағанда, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі өкілі Борис Гаврилюк «жоспарлы тексеру жүргізу үшін түрмеге әскер кіргізілгендіктен, сіздердің қауіпсіздіктеріңізге кепілдік бере алмаймын" деген.

АП-162/2 мекемесінің кезекші бөлімі өкілі Азаттық тілшісіне "колонияға жоспарлы тінту шарасын жүргізу үшін әскер кіргізілгенін" растады. Бірақ ол егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты. Құқық қорғаушылар колонияға кіруге​ ертең де тырысып көрмек.

XS
SM
MD
LG