Accessibility links

Қазақстан футзалдан Еуропа чемпионатына қатысады


Футзалдан Қазақстан-Босния және Герцеговина матчынан көрініс. Алматы. 22 қыркүйек 2015 жыл.

Футзалдан Қазақстан-Босния және Герцеговина матчынан көрініс. Алматы. 22 қыркүйек 2015 жыл.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Алматыдағы қосымша іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина құрамасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Осыдан бір апта бұрын Боснияда өткен алғашқы матчта да Қазақстан құрамасы 5:0 есебімен басым түскен еді. Екі матч қорытындысы бойынша 9:0 есебімен жеңген Қазақстан өз тарихында алғаш рет футзалдан Еуропа чемпионатына лицензия иеленді.

Еуропа чемпионатына құрлықтың үздік 12 құрамасы қатысады.

Қазақстан құрамасын бірнеше жылдан бері бразилиялық маман Какау жаттықтырады.

XS
SM
MD
LG