Accessibility links

Еуроодақ мигрант қабылдау квотасын мақұлдады


Хорват полициясы Венгрия мен Австрияға жолғы шыққалы тұрған поезға терезінен кірмек болған босқынды жібермей тұр. Товарник, Хорватия, 21 қыркүйек 2015 жыл.
Хорват полициясы Венгрия мен Австрияға жолғы шыққалы тұрған поезға терезінен кірмек болған босқынды жібермей тұр. Товарник, Хорватия, 21 қыркүйек 2015 жыл.

Еуропа Одағы елдерінің ішкі істер министрлері 120 мың мигрантты алдағы екі жылдың ішінде одақ көлемінде орналастыру жоспарын мақұлдады. Мигранттар мәселесіне байланысты ЕО ішінде пікір қайшылығы туындағаны себепті әдетте консенсус негізінде қабылданатын шешім бұл жолы арнайы схема бойынша дауысқа қойылды. Чехия, Венгрия, Румыния мен Словакия квота бөлуге қарсылық білдірсе, Финляндия дауыс беруден қалыс қалды.

Дауыс беруден соң Словакия премьер-министрі Роберт Фико өзі билікте отырған кезде квота енгізбейтінін мәлімдеген. «Патшаның тыржалаңаш екеніне көп ұзамай бәріміздің көзіміз жетеді» деп жазды Twitter әлеуметтік желісіне Чехия ішкі істер министрі Милан Чованек.

«Бүгін ақыл-парасат жеңілген күн болды» деп жазған ол.

Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең көлемді босқындар мен мигранттар проблемасына кезігіп отыр. Биыл Еуропа Одағына барған жарты миллионнан астам адамның көпшілігі Сирия, Ирак пен Ауғанстандағы соғыс өртінен қашуға мәжбүр болғандар.

XS
SM
MD
LG