Accessibility links

Косово премьеріне депутаттар жұмыртқа лақтырды


Депутаттар Косово премьер-министрі Иса Мустафаға жұмыртқа лақтырды. Приштина, 22 қыркүйек 2015 жыл.
Депутаттар Косово премьер-министрі Иса Мустафаға жұмыртқа лақтырды. Приштина, 22 қыркүйек 2015 жыл.

Косово парламентінде сөйлеген осы елдің премьер-министрі Иса Мустафаға депутаттар жұмыртқа лақтырған. Оққағары үкімет басшысын қолшатырмен жауып алып шыққан.

Негізінен этникалық албандардан тұратын Косово оппозициясы өткен айда Еуропа Одағымен жасалған келісімге наразы. Ол келісім бойынша жергілікті бюджетке, білім беруге серб қауымының бақылауы кеңейіп, сонымен бірге Белградтан қаржы алуға мүмкіндік алмақ.

Премьер-министр өз сөзінде бұл келісімді қолдап, жаңадан құрылған серб муниципалитеттері ассоциациясы атқарушы өкілеттікке ие болмайтыны туралы мәлімдеген. Бұдан соң оның сөзіне қарсылық білдірген кейбір депутаттар оған жұмыртқа лақтырған.

Премьердің саяси қарсыластары бұл келісім этникалық араздықты өршітеді деп санайды. Косово респбуликасы 2008 жылы Сербиядан бөлініп шыққан. Одан он жылдай бұрын НАТО әуе күштерінің соққысынан соң серб әскері Косоводан кетуге мәжбүр болған еді.

XS
SM
MD
LG