Accessibility links

Базыл Жақыпов Қостанай қаласы әкімі болып тағайындалды


Қостанай облысының аумақтық картасы.
Қостанай облысының аумақтық картасы.

Бүгін Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары қала әкімі қызметіне Базыл Жақыповты ұсынған облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің ұсынысын қолдап дауыс берді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Базыл Жақыпов облыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып істеген.

Қостанай қаласының бұрғынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов «қызмет өкілетін асыра пайдаланған» және «кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген» деген күдікпен қыркүйектің 9-ы күні сот шешімімен екі айға үйқамаққа алынған.

Оған дейін, тамыздың басында, Қостанай қаласы әкімінің екі орынбасары – Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян «қызмет өкілетін асыра пайдаланған» және «пара алған» деген күдікпен қамауға алынған еді.

XS
SM
MD
LG