Accessibility links

Мәжіліс азаматтық іс жүргізу кодексін қабылдады


Парламент мәжілісінің жалпы отырысы. (Көрнекі сурет)

Парламент мәжілісінің жалпы отырысы. (Көрнекі сурет)

Парламент мәжілісі бүгінгі жалпы отырысында Қазақстанның азаматтық-процесуалдық кодексі жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Бұған дейін мәжіліс 430 түзету және толықтырулармен екінші оқылымда қабылдаған жобаны өткен аптада сенат қосымша 87 өзгеріс енгізіп мәжіліске қайтарған.

Заң жобасын таныстырған мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiнiң мүшесi Нұрлан Әбдiровтың сөзінше, заңға енгізілген өзгерістердің қатарында сот төрелiгiн бессатылы жүйеден үш деңгейлi жүйеге көшіру, апелляциялық сот өкiлеттiктерiн кеңейту, сот рәсiмдерiн оңайлату және сот процесiн жеделдету үшiн прокурордың азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқарту бар.

Сонымен қатар, сот жүйесіне үздiк халықаралық стандарттарды енгiзу, сот процестерiн мiндеттi түрде аудио және бейне тiркеуге қатысты түзетулер көзделген.

XS
SM
MD
LG