Accessibility links

СҚО: сот "парақорға" 11 миллион теңге айыппұл салды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бұрынғы бастығы Дулат Ғабдулинге сот шешімі бойынша 11 миллион 148 мың теңге айыппұл салынды. Қостанай гарнизоны әскери соты оны бір мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін айыпты деп тапқан.

Тергеу материалдары бойынша, Ғабдулин жоғары оқу орнындағы әскери кафедрада оқуға денсаулығы жарамайтын студентті медициналық тексеруден кедергісіз өткізуге көмектесу үшін одан аталған көлемде ақша талап еткен.

Сот процесі барысында қорғаныс ісі жөніндегі басқарманың бұрынғы бастығы айыбын толық мойындаған.

Әскери сот айыппұлмен қоса сотталушының жеке мүлкін тәркілеу және Дулат Ғабдулинді өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарған. Сот үкімі әлі күшіне әлі енген жоқ.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл облыстық департаменті қызметкерлері Ғабдулинді пара алған деген күдікпен биыл мамыр айының соңында ұстаған.

XS
SM
MD
LG