Accessibility links

Мәскеуде ұзақ жөнделген Собор мешіті ашылды


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (солдан оңға), Ресей президенті Владимир Путин және Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Мәскеудегі Собор мешітінің ашылуында. 23 қыркүйек 2015 жыл.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (солдан оңға), Ресей президенті Владимир Путин және Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Мәскеудегі Собор мешітінің ашылуында. 23 қыркүйек 2015 жыл.

Мәскеуде ұзақ уақытқа жалғасқан жөндеу жұмыстарынан соң Собор мешіті бүгін қайта ашылды.

Әлем мұсылмандары үшін қасиетті діни мерекелердің бірі – Құрбан айт қарсаңындаөткен мешіттің ашылу салтанатына Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас және басқа да мұсылман елдерінен белгілі саясаткерлер қатысты.

Ресми Мәскеу бұны көпконфессиялық Ресейдің қайта түлеуін паш ететін тарихи оқиға ретінде көрсетуге тырысады.

Он жыл бойы реставрациялық жөндеу жұмыстарынан соң ауқымы кеңейтіліп қайта ашылған Мәскеудің Собор мешіті Еуропадағы аса үлкен мешітке айналғаны хабарланды. Бұрынғысынан 20 есеге үлкейіп, 19 мың шаршы метрге жеткен мешіт көлемі оның алты деңгейінде бір мезгілде 10 мың адамның намазға жығылуына мүмкіндік береді. Мешіт мұнарасының биіктігі 78 метрге жетсе, алтын жалатылған күмбездің биіктігі – 48 метр. Ресми ақпарат бойынша, мешітті қайта жөндеуге 170 миллион доллар жұмсалған. Оның елеулі бөлігін бизнесмен Сүлейман Керимов берген, сонымен бірге шетелдерден – Түркия және Палестина басшысы Махмуд Аббас та үлес қосқан.

XS
SM
MD
LG