Accessibility links

Ресейдің Тверь аймағында депутатты өлтірген


Generic -- a pistol

Generic -- a pistol

Ресейдің Тверь облысында жергілікті заң шығару органы депутаты Николай Поповты өлтіріп кеткен.

ТАСС агенттігінің құқық органдарындағы дерек көзіне сілтеме жасап хабарлауынша, депутаттың оқ тиген жансыз денесі Торжок ауданындағы Спас деревнясы маңынан табылған.

Tverigrad.ru порталы Поповты әлдекімдер автокөлігінің жанында өлтіріп кеткен деп хабарлады. Қылмыстық оқиғаның себебі мен жай-жапсары әзірше белгісіз. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

«Единая Россия» билік партиясының аймақтық заң шығару органындағы фракциясына мүше болған 69 жастағы Николай Попов аграрлық саяст, табиғат пайдалану және меншік жөніндегі тұрақты комитетінде жұмыс істеген. Ресей президенті сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путиннің сенімді өкілі, Торжок ауданындағы «Мир» колхозының төрағасы, 1990-1993 жылдар аралығында Ресей парламентінің депутаты болған.

XS
SM
MD
LG