Accessibility links

Орал белсенділері алаң мен ҰҚКД арасын өлшеп шықты


Оралдық белсенді әрі журналист Лұқпан Ахмедияров (ортада) алаң мен ҰҚД кеңсесі арасын өлшеп жатыр. Орал, 23 қыркүйек 2015 жыл.

Оралдық белсенді әрі журналист Лұқпан Ахмедияров (ортада) алаң мен ҰҚД кеңсесі арасын өлшеп жатыр. Орал, 23 қыркүйек 2015 жыл.

Орал қаласында коммуналдық қызмет тарифтерін қымбаттатуға наразылық митингін ұйымдастыру жөніндегі коалицияға кіретін азаматтық белсенділер бүгін өткізген акция барысында ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ҰҚКД) ғимаратынан Сырым Датұлы атындағы алаңға дейінгі арақашықтықты өлшеп шықты.

Бұдан екі күн бұрын белсенділердің митинг өткізуге рұқсат сұраған өтінішіне берген жауабында Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жиын өткізуге таңдап алынған жер облыстық ҰҚКД кеңсесінен 100 метр радиусте болғандықтан өтініш қанағаттандырылмайды деген уәж айтқан еді. Митинг өткізу туралы бастама көтерушілердің бірі журналист Лұқпан Ахмедияров әкімдік жауабындағы аталған жайттың қаншалықты шындыққа сәйкес екенін тексеріп көруді ұйғарған.

Әкімдік сілтеме жасап отырған заң бойынша, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдар орналасқан маңда жаппай көпшілік шаралар ұйымдастыруға жол берілмейді.

Белсенділердің айтуынша, олар өлшеп шыққан арақашықтық 100 метрден асып кеткен.

Осының қарсаңында белсенділер митинг өткізуге енді қала орталығындағы Мәншүк Мәметова алаңын беруді сұрап әкімдікке жаңа өтініш тапсырған.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG