Accessibility links

Бүгін - Құрбан айт мейрамы


Алматының орталық мешітіндегі айт намазына қатысушылар. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Алматының орталық мешітіндегі айт намазына қатысушылар. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті мерекелердің бірі – Құрбан айт мейрамы басталды. Бейсенбі күні таңертең Қазақстандағы қалалар мен ауылды жерлердегі мешіттерде құрбан айт намазы оқылды.

Діни салт-дәстүр бойынша, Құрбан айтта мұсылмандар мал сойып, құрбан шалады. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе шалынады. Сойылған мал етінің үштен бірі мүсәпірлерге, үштен бірі көрші-қолаңға таратылады. Құрбан шалған адам мал етінің барлығын жағдайы жоқ кедейлерге үлестіріп беруіне де болады.

Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралап, игі тілек тілеп, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

Құрбан айт кезінде Меккеге қажылық парызын өтеуге барғандар Арафат тауында құлшылық етіп, «шайтанға тас лақтыру» рәсімін атқарып, Қағбаны жеті рет айналып шығады.

Құрбан айт мейрамы Қазақстанда демалыс күн болып жарияланған.

Алматының орталық мешітіндегі айт намазы:

XS
SM
MD
LG