Accessibility links

Volkswagen концерні басшысы қызметінен кетті


Volkswagen компаниясының АҚШ-тағы зауыты. (Көрнекі сурет)

Volkswagen компаниясының АҚШ-тағы зауыты. (Көрнекі сурет)

Германиялық Volkswagen концерні атқарушы директорыМартин Винтеркорн осы компания шығаратын автомобильден ауаға бөлінетін газға жүргізілген америкалық тест нәтижелерін бұрмалауға байланысты жанжалдан соң отставкаға кетті.

Қыркүйектің 23-і күні Винтеркорн «қандай да бір бұрмалаушылықтан хабарсыз болса да, компания мүддесі үшін» осындай қадамға барып отырғаны туралы мәлімдеген. Оның орнына кім тағайындалатыны бейсенбі күні анық болмақ.

Өткен аптада концерн өнімдері жайлы жақсы пікір қалыптастыру мақсатында өзінде жасалған дизель отынымен жұмыс істейтін автомобильдерден ауаға бөлінетін газ жөніндегі деректердің бұрмаланғанын мойындаған. Бұл жанжалдың кесірінен келетін шығынды жабу үшін компания 6,5 миллиард доллар бөлмек.

Германия билігі автокөлік шығаратын компанияның неміс және еуропалық заңнамалар ережелерін бұзғанын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрған.

XS
SM
MD
LG